Шах Голд қанық әрі хош иісті шайын дайындау үшін Солтүстік Үндістанның әйгілі плантацияларында өсірілген шай жапырақтарын ұсақтайды, кейін олардан бірыңғай ірі түйіршіктер жасайды. Аталған тәсілмен өңделген шай жапырақтары өз бойында бүкіл табиғи күшін сақтап, үнді шайының дүниежүзінде бағаланатын - жарқын дәмін, дәмнің қанық реңктері мен тұнбаның бай қоңыр-қызыл түсін сынады.
Солтүстік Үндістанның плантацияларында жиналған түйіршіктелген асыл шайдың терең күшті дәмі жарқын цитрус ноталарымен бірігіп, айқындала түседі. Бергамот пен лаймның реңктері байқалатын қанық хош иіс үнді шайының ауыз қуыратын дәмімен үйлесіп, Шах Голд Кешкі шайын түстен кейінгі шай ішуге арналған мінсіз сусынға айналдырады.
Бергамоты бар қара шайдың әйгілі тарихи рецепті Шах Голд Эрл Грей тамаша үйлесімін құрайды. Ірі, әдемілеп оралған шай жапырақтары сусынға татымды ерекше реңктері бар, терең, қанық дәм береді, ал бергамоттың жарқын, айқын хош иісі байламды цитрус балғындығымен толтырады.
Цейлон аралының әйгілі плантацияларында өсірілген таңдаулы жапырақты қара шай татымды реңктері бар терең қанық дәм мен жарқын айқын хош иісті ұсынады. Бұл сұрыпты дайындау үшін, керемет дәмнің қанықтығын сақтау мақсатында, шайдың жаңа жиналған жапырақтары ұқыпты әрі тығыз оралады.
Шах Голд Суприм айқын үйлесімінің негізінде - қара шайдың іріктелген сұрыптарының мұқият таңдалған күрделі купажы. Байлам жарқын, ауыз қуыратын дәм мен тартымды цитрус ноталары бар, жеңіл хош иістің әуедей балғындығының тереңдігі мен қанықтығы арасындағы тамаша теңгерімді ашады.
Кенияның «Чайное золото» шайы - іріктелген түйіршікті шай, өзіндік нәзік хош иісімен, қанық дәмімен және айрықша жарқын түсті шығымымен ерекшеленеді.
Балғын әрі тығыз бұралған шай жапырақтарынан жасалған классикалық ірі жапырақты көк шай жағымды ащы дәмге және жеңіл шөпті ноталары бар балғын хош иіске ие.
Шах Голд Лимон шайының айқын байламында классикалы үнді шайының қанық күшті дәмі, тұнбаның қанық-қызыл күрең түсі мен нәрлі лимонның жарқын хош иісі үйлеседі. Балғын цитрус ноталары үнді шайына тән кермек реңктерді жұмсартады, табиғи шай хош иісінің толық дәмі мен әсемділігін айқындайды.
Внимание! Продолжая использовать наш сайт, вы даете согласие на обработку своих персональных данных, в том числе, файлов cookie. Если вы не хотите, чтобы ваши данные обрабатывались, просим вас покинуть сайт.